Қара жәшік
Продолжительность:
100 минут
Актерский состав:
Нартай Сауданбекұлы Жасұлан Әйтенов Айжан Назарханқызы Мерей Мақажан Алтынай Нөгербек Ермек Шынболатов Мерей Бахытбеков Сырым Қашқабаев Алтынай Сергазина Ділнәз Ертаева Таңырысы Тоқтарқызы Тұрсынбек Слямбеков

Смотреть трейлер
Құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін, полиция капитаны Қайраттың қызы Алтынай жұмбақ жағдайда, өз өзіне суицид жасап қаза табады. Қызынан айырылған Қайрат біраз уақыт өз өзіне келе алмай, қиналып жүреді. Арада бір жыл өткенде Қайрат жұмыс барысымен өз өзіне суицид жасаған Айым есімді қыздың ісіне тап болады. Айым мен өзінің қызы Алтынайдың суицид жасауының астарында біреулердің тұрғанын түсінген Қайрат, барын салып жұмысқа кіріседі. Ол Айымның өлімінің сырын ашса, өзін бір жылдан бері мазалап жүрген Алтынайдың өліміне де себеп табылады деп ойлайды. Қайрат пен серіктесі Мәди бұл істі біраз зерттей келе суицид жасауға біреу итермелеген деген ойға келеді. Алайда Айымның өлімі суицид ретінде тіркеліп, іс жабылып жатқан болатын. Қайрат РУВД бастығы полковник Бейімбетке жалынып жатып, бұл істі аяқтауға бір апта уақыт алады. Осы сәттен бастап Қайрат пен Мәди екеуі Айымның жұмбақ өлімінің артында кімдер тұрғанын анықтауға кіріседі. Қайрат пен Мәди көп кедергілерден өте отырып бұл істің соңында «Қара жәшік» атты интернет топ тұрғанын анықтайды.