Құшақташы, Мама
Продолжительность:
80 минут
Актерский состав:
Гүлжамал Мұқажанқызы, Мақсат Рахмет, Зарина Кармен, Нұрай Жеткерген, Әбілмансұр Серіков

Смотреть трейлер
«Құшақташы, мама» - 2026 жылы жарық көретін қазақстандық драма. Фильм Жалғас есімді кейіпкердің отбасымен, ең алдымен анасы Майрашпен қарым-қатынасы туралы баяндалады. Жалғастың өмірінде бәрі бар: жетістік, отбасы, жайлы тұрмыс. Алайда ол рухани тыныштық таба алмайды. Өткен өмірінің көлеңкелері мен жасырын сырлары оны бір сәтке де тыныш қалдырмайды.
Жалғас өзінің балалық шағында орындалмаған армандары мен отбасындағы болған барлық қиындықтар үшін анасын кінәлайды. Бір күні анасы мен келіні арасындағы жанжал үлкен отбасылық кикілжіңге ұласады. Осыдан кейін,анасының мерейтойы қарсаңында, Жалғас анасын ауылға өзі көлікпен апарып, жол үстінде ашық сөйлесіп, арадағы түйткілдерді шешуге бел буады.
Алайда бұл сапардағы әрбір аялдама, кезіккен әрбір адам және артта қалған әрбір шақырым Жалғастың ең ауыр құпияларын әшкерелейді. Бұл сырлар
оның өмірін түбегейлі өзгертіп, өткен мен бүгінге мүлде басқа көзқараспен қарауға мәжбүр етеді.