Ол сен емес
Продолжительность:
87 минут
Актерский состав:
Нұрсұлтан Үсен, Ақерке Арыс, Жанар Айжанова, Елжан Халиулин, Қайрат Әділгерей, Динара Нұрболат

Смотреть трейлер
«Ол сен емес»– ауыл өмірін шынайы әрі күлкілі етіп көрсететін комедия. Нұрсұлтан қасапшы, бірақ жұмсақ мінезді, өзгеге жоқ деп айта алмайтын қарапайым жігіт. Әйелі Ақерке– пысық, тік мінезді, ештеңеден қаймықпайтын әйел. Тірліктің ауыртпалығы мен ұсақ түйек ұрыстар олардың қарым-қатынасын күннен-күнге ушықтырады. Бір кеште қатты жанжалдан кейін екеуі төсекте үнсіз ұйықтап қалады. Таңертең оянғанда күтпеген жағдай орын алады– жандары ауысып кеткен. Енді Нұрсұлтан– әйелдің тәнінде, Ақерке– еркектің денесінде. Осыдан бастап күлкілі әрі ыңғайсыз жағдайлар басталады: Ақерке қасапшы болып, мал союға мәжбүр болса, Нұрсұлтан сәби бағып, енесімен тіл табысуға тырысады. Әрқайсысы екіншісінің орнында жүріп, бұрын байқамаған қиындықтарды көреді. Алғашында бұл– хаос пен абыройсыздыққа айналса, уақыт өте келе олар бір-бірінің еңбегін, сабырын, жан дүниесін түсіне бастайды. Соның арқасында қарым-қатынастары жаңа деңгейге көтеріледі.